Джоэль Абу Ханна
«Байер» футбол академиясының түлегі Джоэль Абу Ханна «Ақтөбемен» келіссөздер жүргізуде.
Жақын күндері трансфер толығымен іске аспақ. Бұл туралы «AmanVIBE» арнасы мәлімдеген болатын.
28 жастағы қорғаушы грекиялық «Левадиакос» намысын қорғайды. Джоэль Абу Ханна өз кезінде Германия жастар құрамасының намысын қорғаған. Сондай-ақ, 2020 мен 2021-жылдар аралығында Израиль ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Спорттық мансабында "Кайзерслаутерн", "Фортуна", "Легия", "Заря" (Луганск), "Лехия" (Гданьск) және "Макабби" (Нетания) клубтарында ойнады.