"Ақтөбе" басшылығы команданың бас бапкері лауазымына негізгі үміткерді анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Aman VIBE телеграм арнасының мәліметінше, қазіргі таңда Украиналық маман Виктор Скрипник бұл қызметке басты кандидат болып отыр.
Виктор Скрипник — Еуропалық деңгейде тәжірибесі бар бапкер. Ол өз карьерасында бірнеше танымал ұжымдарды жаттықтырған:
Қазіргі уақытта маман Украина чемпионатындағы "Заря” клубының тізгінін ұстап отыр. Оның бастамасымен команда 16 турдың қорытындысы бойынша турнирлік кестеде 8-ші орында келеді.