Бундеслиганың 17-туры фавориттердің айқын жеңісімен аяқталды

21.12.2011, 20:45
Бундеслиганың 17-туры  фавориттердің айқын жеңісімен аяқталды
Турнир кестесінде көш бастап тұрған “Бавария” бұл жолы Альянс Аренада “Кельнді” ірі есеппен ұтты. Үзіліске дейін шабуылда табысқа жете қоймаған алаң иелері кездесудің 33-минутында 10 ойыншымен қалды. Жүйкесі сыр берген француз легионері Франк Рибери “Кельн” қорғаушысы  Энрике Серенумен аз болғанда жаға жыртыса жаздады. Нәтижесінде екі сары қағаз алған Рибери алаңнан қуылды. Бір қызығы,  француз алаңнан кетісімен, өз ойынын тапқан “Бавария” екінші таймда қонақтар қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты. Алдымен “Кельн” қорғаушыларының өрескел қателіктігін ұтымды пайдаланған Марио Гомес есеп ашты. Ал матчтың 63-минутында Давид Алаба есепті 2:0 ге жеткізсе, ойын аяқталарға  екі  минут қалғанда Тони Кроос бұл бәсекенің нүктесін қойды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
ЭЛЬ КАПИТАН
Келесі жаңалық
Жылдың үздік ұландары
×