БУНДЕСЛИГАНЫҢ БАТЫРЫ

25.02.2014, 20:26
БУНДЕСЛИГАНЫҢ БАТЫРЫ
Германияда талантты футболшылар өсіп келеді. Неміс аладобында ерекше бір шоғыр пайда болды. Күн санап Германия құрамасында ойнауға деген үміті барлар пайда болу үстінде. Бұл әрине керемет. Ұлттық құрамада ойын көрсетіп жүргендерге айтарлықтай әсер етуде. Жас дарындылар қазірден-ақ өз есімдерін айдай  Әлемге танытып, Еуропа алаңдарында «айқайлатып» жүр. Солардың бірі – Юлиан Дракслер. Шальке 04 Дракслер    Йоахим Левтің құрамасына ерте қабылданғандардың қатарындағы ойыншы (2013 жылғы құрамадағы ең жас кіші футболшы Дракслер болған). Йенс Келлердің назарын ерте аудартқан ойыншы. «Шальке 04» командасындағы бала футболшы бола тұра өзін мойындатқан.Бундеслигадағы алғашқы ойынын 2011 жылдың 15 қаңтары күні «Гамбург» командасына қарсы өткізген. Сол сәтте Дракслер Бундеслигада ойын өткізген ең жас төртінші футболшы болды. Араға апта салып «Ганновер» клубына қарсы болған кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты. Нури Шахиннан кейін алаңда толық ойын көрсеткен екінші ойыншы болып есептелінді. 2011 жылдың 1 сәуірі күні Дракслер өзінің алғашқы голын «Санкт-Паули»  футбол командасына салды. Дракслер алғаш рет Чемпиондар лигасының алаңына «Валенсия» командасына қарсы ойында шығады. Лигада «Базель» қақпасына шешуші голдарды салған Дракслер «Шальке» командасына жеңіс сыйлап, ұпай жоғарлатуына септігін тигізді. Клаас-Ян Хунтелаармен жарасымды жұп бола білетін Дракслер ойынды ұйымдастырып та, керек кезінде гол сапта кетеді. 2012/13 жылғы кезеңде мергендер тізімінің жоғарғы жағында Дракслердің де есімі жүрді (10 гол, 3 голдық пас). 2013 жылдың 10 мамыры күні Дракслер клубпен («Шальке 04») арадағы келісімін екі жылға созады. Германия ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын Швейцария еліне қарсы өткізеді. Өзінің алғашқы халықаралық дәрежедегі голын АҚШ құрамасының қақпасына салды. Дракслер 2014 жылдың қаңтар айында The Guardian анықтауынша үздік жас он футболшының тізіміне кірген. Қысқа-нұсқа: Юлиан Дракслер. Туылған күні, айы, жылы: 20.09.1993. Туылған жері: Гладбек (Германия). Бойы: 187 см. Салмағы: 70 кг. Алаңдағы орыны: Жартылай қорғаушы. Клубы: «Шальке 04» (Германия). Нөмірі: 10. Трансфердегі құны: 30 000 000 еуро. Биылғы маусымдағы нәтижесі тәп-тәуір. Чемпиондар лигасындағы қоржынында үш гол бар. «Реал» қақпасына гол салуды көпткен күткен Дракслердің ой-арманы жүзеге аса ма?. Юлиан Дракслер «Шальке» футбол клубының жартылай қорғаушысы Юлиан Дракслер Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ойын туралы өз ойын айта кетті: - Мен үшін ерекше кездесу болмақ. Өйткені бала кезімнен «Корольдік клубқа» қарсы ойнауды армандадым. Орындалды. Осы ойында өзімді өзге қырымнан көрсете аламын деген сенімдемін.
Дракслерге көз тіккен клубтар өте көп. Солардың бірі әрі соңынан бір елі қалмай жүрген Венгер баптайтын «Арсенал» футбол клубы. Юлиан Дракслерді әр ауысым барысында әр клубқа ауыстырып тастайды. Бұл оның жетістігі болса керек. Осыған «Боруссия», «Баварияға» ауысады деп жүрген Дракслер туралы қисынға келетіні «Арсенал» командасы. Ол туралы өзі де келіседі. Дракслерді осы жолғы қысқы ауысым барысында команда басшылықтары жібермей қойған. Әйтпегенде Өзілмен бір қатарда ойын көрсетуді жоспарға алған. Осы туралы сөз өрбіткен газеттер мен сілтемелерге зер салып көрсек… Даркслер газет http://www.alaman.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×