Бурдейныйды бір жағына шығармақшы

Қазақстан әйелдер лигасында дау шықты.

Бурдейныйды бір жағына шығармақшы

БИІК пен “Ұлытау” арасындағы ойында төрелік еткен Андрей Бурдейныйдың басы дауға ілікті. Аталған матчта төреші Шымкент командасы капитанын бопсалап, қысым көрсетіпті. Тіпті матчтан кейін Андрей Бибігүл Нұрышоваға көресіні көрсетемін деп ашу-ызасын көрсеткен екен.

Әрине, бұл жағдайдан кейін БИІК командасы үңсіз қалмады. Әйелдер командасы Федерацияға Бурдейный үстінен арыз жазып, оның жазаға тартылуын қалайтынын ашық жеткізді. 

Әзірге аты-шулы төреші белгілі бір мерзімге дейін қызметінен шеттетілді. Әйелдер лигасы мен жауапты өкілдер қазірде тексеріс жұмыстарын жүргізуде. 

Осы жағдайдан кейін түрлі футбол жанкүйерлері қыздар футболында тек әйел төрешілер қызмет жасауы дұрыс деген шешімдерді жан-жақты қолдауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×