Бурко Қазақстанға келмейді

Элиталы дивизионға қайтып оралған “Ертіс” клубы беларусь легионерінен бас тартты.

Бурко Қазақстанға келмейді

ҚПЛ тарихында 5 рет чемпион атанған ұжым 21 жастағы орталық қорғаушыны қатты қалап еді. Алайда бұл футболшыны қатарға қосу үшін “Ертіске” “Камаз” клубына 20 млн рубль төлеуі тиіс екен. Ал бұл Премьерге енді қадам басқан ұжым үшін ауырға соғады. Осы себептен де Максим Бурконы Қазақстанда көре алмаймыз.

Биылғы маусымда беларустың жас қорғаушы барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, ФНЛ-дің үздіктерінің бірі атанды.

Өз мансабында Бурко “Энергетик”, БГУ Минск, “Шахтер” Солигорск, “Шахтер” Петриков клубтарында өнер көрсетті. 

Трансфермаркет порталы Максимді 200 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ертіс ФК
Aladop Youtube
×