Бұрын футболшы - қазір елбасы

13.10.2017, 15:17
Бұрын футболшы - қазір елбасы
Кезінде Либерия ұлттық құрамасы мен лондондық "Челси", париждік "ПСЖ", итальяндық "Милан" сынды топ-клубтардың намысын қорғап, жасындай жарқылдап, 1995 жылы "Алтын доптың" иегері атанып, ал қазіргі кезде саясатқа белінен батып кеткен  Джордж Веа, әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі - Либерияның президенті болып сайланды. Ел басын сайлау кезінде Веа өзінің басты қарсыласы болып есептелген Либерияның вице-президенті, "Бірлік партиясының" өкілі Джозеф Бокайдан басым түсті. Бұған дейін де ел басқаруда бағын сынап көрмек болған экс-футболшы, 2005 жылы болған сайлауда дауыс берушілердің 40 пайызын жинағанымен, әйел құқығы үшін күрескер, Африка елдерінің ішіндегі тұңғыш әйел-президент атанған Элен Джонсон-Серлифке есе жіберген еді. Қазіргі таңда Либерия әлемдегі ең бай мемлекеттер рейтингісінде астынан санағанда 3-ші орында тұр. Осындай қиын жағдайда өмір сүріп жатқан елін, футболда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен Веа дағдарыстан құтқара ала ма?! Бұл сұрақтың жауабы уақыт еншісінде.

Руслан Мералиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×