Бұрынғы командаласы Бауыржан Жолшиев туралы: оның қалай адасқанын түсінбеймін, ақша, атақ, мүмкін тағы басқа бірдеңе

09.07.2025, 16:15

«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко «SPORT+» арнасының эфирінде бұрынғы командаласы Бауыржан Жолшиевтің мансабы туралы ойын ортаға салды.

Бұрынғы командаласы Бауыржан Жолшиев туралы: оның қалай адасқанын түсінбеймін, ақша, атақ, мүмкін тағы басқа бірдеңе
Бауыржан Жолшиев «Астана» - «Бенфика» кездесуінде

«Жолшиевтің басты мәселесі - оның басында еді, ол өзінің орнында болған жоқ. Расында топ-футболшы болатын. Кез-келген жанкүйерден сұрасаңыз - Жолшиевтің топ-футболшы болғанын айтады. Бірақ қалай адасқанын түсінбеймін, ақша, атақ, мүмкін тағы басқа бірдеңе. Тура жауабым жоқ. Чемпиондар Лигасында ойнаған адамның 2016-17-жылдары қалайша футболдан қол үзіп кеткенін түсінбеймін. Бұл қалайша мүмкін болды? «Астанада» ары-қарай  кез-келген ақшаға ойнай бер, ол кездегі жағдайының жақсы болғанына сенімдімін. Ал одан кейін қалаған жағыңа кете бер - Еуропа, Ресей», - деп ойын түйіндеді Д. Шомко. 

Бауыржан Жолшиев «Астана» сапында екі-үш маусым өнер көрсеткен (2013-14 жж). Елордалык клубпен екі рет ҚПЛ-де топ жарып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде доп тепті. Сондай-ақ, «Алма-Ата»,«Атырау» және «Тобыл» намысын қорғады. Қазақстан құрамасының жейдесінде 14 матчта 3 голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушы 2016-жылы мансабын аяқтаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×