Бұрынғы КСРО елдерінің ең қымбат футболшылары

07.09.2025, 09:30

Футбол әлемінде ойыншының нарықтық құны оның тек шеберлігін ғана емес, елдің футболдағы беделі мен даму деңгейін де көрсететін көрсеткіш. Transfermarkt деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қыркүйегінде посткеңестік елдердің ең қымбат ойыншылары белгілі болды.

Бұрынғы КСРО елдерінің ең қымбат футболшылары

Көшбасшылар:

Грузия – Хвича Кварацхелия (“ПСЖ) – €90 млн

Грузия футболының алтын баласы саналатын Хвича Кварацхелия бүгінде Еуропаның басты жұлдыздарының бірі. "Наполиден" кейін ПСЖ-ға ауысқан ол жаңа командасының да сүйікті ойыншысына айналып үлгерді. 

Украина – Илья Забарный (“ПСЖ") – €42 млн

Жас қорғаушы Илья Забарный 2025 жылдың тамызында "ПСЖ” сапына қосылды. Бұрын Англияның "Борнмутында” ойнаған ол енді Еуропаның ең мықты клубтарының бірінде тәжірибесін шыңдауда. 

Өзбекстан – Абдуходир Хусанов ("Манчестер Сити") – €35 млн

Өзбек футболының тарихындағы ең қымбат ойыншы. 2025 жылдың қаңтарында Ағылшын алпауытына ауысқан жас қорғаушы Пеп Гвардиола шәкірттерінің қатарында жүр. Бұл трансфер Орталық Азия футболы үшін жаңа дәуірдің бастауы десе болады.

Орта деңгейдегі жұлдыздар:

Ресей – Александр Головин ("Монако") – €20 млн

Армения – Эдуард Сперцян ("Краснодар") – €25 млн

Литва – Гвидас Гинейтис ("Торино") – €6 млн

Молдова – Олег Рябчук ("Спартак Мәскеу") – €4 млн

Қазақстан:

Нұралы Әліп ("Зенит") – €3 млн

Қалған елдердің үздіктері:

Эстония – Карл Хейн (Вердер Бремен, жалға алу) – €3 млн

Әзербайжан – Нариман Ахундзада ("Қарабақ") – €2 млн

Беларусь – Илья Шкурин ("Легия") – €1,5 млн

Латвия – Раймондс Крoллис ("Слован Либерец") – €1 млн

Қырғызстан – Гүлжигит Алыкулов ("Торпедо Мәскеу") – €0,6 млн

Тәжікстан – Рустам Ятимов ("Ростов") – €1,5 млн

Түрікменстан – Руслан Мингазов ("Kitchee") – €0,2 млн

Футбол әр елдің мәдениеті мен спорттық беделінің айнасы. Бұл тізімнен посткеңестік кеңістікте кімдер алға шыққанын, ал кімдер әлі де жолдың басында тұрғанын айқын көруге болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×