Трансферлік кезең аяқталуға жақын қалғанда "Барселона" өз түлегімен біршама уақытқа қош айтысуды жөн көріпті.
Санаулы сəттер бұрын ғана Голландия ұжымы "Барселона" жартылай қорғаушысы Ориоль Бускетсті 2 жылға жалға алғанын мәлімдеді. Оған қоса бұл келісімде міндетті сатып алу құқығы туралы көрсетілмеген. Яғни, "блауграна" Ла Масия түлегін ойын тәжірибесін жинау үшін ғана өзге клубқа жіберіп отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.