Былтыр “Реал”, биыл “Барселона” – Каталондық клуб Қазақстанға келе ма?

Бүгін, 15:15

"Қайрат" клубының қожайыны Қайрат Боранбаев алдағы маусымда Чемпиондар лигасында қай топ клубтармен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Былтыр “Реал”, биыл “Барселона” – Каталондық клуб Қазақстанға келе ма?

Боранбаевтың арманы — әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды Алматы алаңында көруді жалғастыру.

Клуб басшысы өз алаңында соның ішінде Каталониялық ұжымды қабылдауды қалайтынын жасырмады.

"Әрине, өз үйімізде "Барселонамен” ойнағымыз келеді. Бұл клубтың аты дардай, құрамында жоғары деңгейлі футболшылар өте көп. Олардың Алматыға келгенін қалаймын." — деді Боранбаев.

Ал сырт алаңдағы матчтарға келетін болсақ, Боранбаевтың таңдауы Франция алыбына түсті.

"Ал түзде, бәлкім, "ПСЖ"-мен кездескен дұрыс болар еді." — деп қорытындылады ол "ArchiBall” YouTube-арнасына берген сұхбатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×