ӘЧ 2026-ға алғашқы 2 миллион билет лезде сатылып кетті

27.11.2025, 16:50

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына деген қызығушылық бүкіл әлем бойынша өте тез таралуда, деп хабарлайды Aladop.kz.

ӘЧ 2026-ға алғашқы 2 миллион билет лезде сатылып кетті

ФИФА-ның ресми мәліметі бойынша, жарысқа шығарылған алғашқы екі миллион билет қазірдің өзінде сатылып кеткен. 

Билеттерді 200-ден астам ел мен аймақтан келген футбол жанкүйерлері сатып алғаны белгілі болды.

Алғашқы сатылымдар кезінде ең көп билет сатып алғандар арасында - Канада, Мексика және АҚШ жанкүйерлері көш бастады. Ойындар осы елдерде өтетіндіктен, жергілікті жанкүйерлер өз стадиондарында өтетін ойындар үшін мүмкіндікті жоғалтпауға тырысуда.

ФИФА келесі сатылым кезеңі жеребе тарту рәсімінен кейін - 11 желтоқсанда басталатынын хабарлады. Бұл кезеңде билеттер FIFA.com/tickets арқылы қайта сатылымға шығарылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×