
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап, беріп, Уэльспен болатын ойын туралы айтты.
«Гол соғу - психологиялық мәселе. Доп соғу үшін соған сай мүмкіндіктерді жасау қажет. Біз осы тұрғыда жұмыс істеп, жан-жақты талдау жүргіздік. Маңыздысы - гол соғу үшін белгілі бір қабілетке ие болу керек. Алыстан тебу керек болды ма онда солай істейсің. Ал егер баспен соққы бағыттау қажеттілігі туындаған екен, баспен ойнайсың. Бұл жерде абдырау орынсыз. Жалпы, бізде осы мәселелерде ілгері басу бар. Уэльспен 0:0 ойнаймыз ба? Бір ұпай еншілеп қалудың өзі жаман нәтиже емес. Ойынды доппен де онсыз да бақылауда ұстауға болады», - деді қазақстандық маман.
Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.
Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.
Біздің серіктес: FONBET