
Әли Әлиев Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы кездесудегі мақсаты мен міндеттерін айтты.
Қазақстандық маман ұлттық команда барынша жақсы өнер көрсетуге тырысатынын алға тартты.
«Мақсат біреу ғана - физикалық тұрғыда дайын болу. Уэльс құрамасының ойын ырғағына, деңгейіне төтеп беретін футболшылар ғана өнер көрсетеді. Уэльс осының алдында Түркия, Исландия мен Ирландия командаларын артқа тастап Ұлттар лигасында А лигасына көтерілді. Қарсыласқа деген менсінбеушілік деген болмауы тиіс, Крейг Белламидің командасы Кардифте сұрапыл күш болайын деп тұр. Бірақ тағы қайталап айтамын, жеңілмейтін команда жоқ. Біз осыны анық түсінуіміз керек. Енді алдағы ойында қарсыласты таңқалдыра алатын дүниелерді дайындап жатырмыз, ал қалғанын Жаратқанның жоспарына іске асыруға тырысамыз», - деді Ә. Әлиев.
Әли Ханәліұлы ӘЧ-2026 іріктеуінің алдында құрама тізгінін алды. Алдағы екі ойында қазақстандық маман бас бапкер міндетін атқарушы лауазымын атқармақ.
Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльсте Крейг Белламидің командасына қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.
Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.
Біздің серіктес: FONBET