
Әли Әлиевтің командасы Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Уэльс пен Лихтенштейн құрамаларының алдында соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатқан ұлттық команда осы демалыста өзінің екінші жолдастық ойынын өткізіп, жеңіске жетті. Бұл жолы Әли Ханәлиұлының шәкірттері ресейдің «Зенит» клубының жастар командасынан басым түскен. Кей дереккөздерден голдың авторы Айбар Жақсылықов екенін де көзіміз шалып қалды. Сондай-ақ, «Қайсардың» футболшысының аяғына допты салып берген Дастан Сәтпаев екені туралы да ақпараттар бар. Қалай десек те Қазақстан жауапсыз бір доппен басым түсті. Ал оның алдында ұлттық құрама Швецияның Бірінші лигасында бақ сынайтын бір ұжымнан 2:1-мен үстем болған.
Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET