
«Қызыл-Жардың» бұрынғы футболшысы Юрий Бушман Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев жайлы пікір білдірді.
Украиналық ойыншы қазақстандық маманның жаттықтырушылық қарым-қабілетін тілге тиек етіп, жауапты қызметте сәттілік тіледі.
«Әли Әлиев – ойынға өзінің көзқарасы мен амбициялары бар бапкер. Ол өте эмоционалды адам. Былай айтайын – оның талаптарына бейімделу үшін біраз уақыт керек. «Қызыл-Жардағы» жұмысы мықты, тегеурінді әрі қызықты футбол ойнай алатын команда жасақтай алатынын көрсеткен. Бірақ, әрине ұлттық құраманың деңгейі мүлде бөлек, әсіресе халықаралық аренадағы бәсекелестік дәрежесі анағұрлым жоғары болады. Алайда, Әлиевтің ойынның тактикалық тұрғыдағы көзқарасы Қазақстан үшін шешуші рөл ойнап кетуі ықтимал. Оған сәттілік тілеймін», - деген болатын украиналық футболшы Meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында.
Қазақстан құрамасы 2026-жылғы ӘЧ-2026 іріктеу турнирін 22-наурыздан 23-наурызға қараған түні Кардиффте Уэльс құрамасына қарсы сырт алаңда бастайды. Содан кейін, 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні, Вадуцта Лихтенштейн құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET