
2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Уэльс пен Қазақстан құрамалары арасындағы матчта 16 жасар шабуылшы Дастан Сәтпаев қосалқы құрамнан алаңға шығып, Қазақстан құрамасының тарихындағы алаңға шыққан ең жас ойыншы (дебютант) атанды.
Бұрынғы рекорд иесі Жамбыл Көкеев 17 жас 4 ай 25 күнінде дебют жасаған еді.
Ойын 3:1 есебімен Уэльс құрамасының пайдасына аяқталды. 9-минутта Дэниел Джеймс есеп ашты, ал 32-минутта Асхат Тағыберген пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. 47-минутта Бен Дэвис Уэльс құрамасын алға шығарса, 90+1-минутта Рабби Матондо соңғы голды соқты.
Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы J тобында төртінші орында тұр. Келесі ойынын 26 наурызда Лихтенштейн құрамасына қарсы өткізеді.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET