
Footy Accumulators басылымы ӘЧ-2026 іріктеуінің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Уэльстен ұтылады деген болжам жасады.
«Уэльс бұл ойында анық фаворит саналады, себебі оның қарсыласы ФИФА рейтингінде 110-орында тұрған Қазақстан құрамасы.
Алаң иелері болса әлем рейтингінде 29-орынға жайғасқан. Олар өздерінің әлеуетін Ұлттар лигасындағы В лигасының төртінші тобын бірде-бір жеңіліссіз аяқтап көрсете алды. Үш жеңіс пен үш тең ойын, тоғыз гол салды және небары төрт гол ғана жіберген болатын. Ал Қазақстан қатарынан бес бәсекеде ұтылып қалды. Енді Крейг Белламидің командасының осы ойынға керемет бабында келетінін әрі Қазақстан құрамасының соңғы рет өткізген халықаралық бес бәсекеде гол ұра алмағанын ескерсек, Уэльс бұл ойында доп жібермей жеңіске жетеді деп күтеміз
Болжам: Уэльс 2:0 Қазақстан», - делінген басылым материалында.
Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET