Чаглар Сёюнджю - түркі футболының жаңа қаһарманы

30.01.2021, 01:04
«Лестер» футбол клубының және Түркия ұлттық құрамасының қорғаушысы Чаглар Сёюнджюдің өмірінен сыр шерттік.
Чаглар Сёюнджю - түркі футболының жаңа қаһарманы

Осыдан 2 жыл бұрын кез-келген футбол жанкүйерінен "Чаглар Сёюнджю есімді футболшыны білесіз бе?" деп сұрасаңыз мардымды жауап алуыңыз екіталай еді. Ал қазіргі уақытта бүгінгі мақаламыздың бас кейіпкері, Чаглар Сёюнджю "Лестер" футбол клубының негізгі құрам ойыншысы атанып қана қоймай, Ағылшын Премьер-лигасының үздік қорғаушыларының бірі атанды, жылдың символикалық құрамына енді. 2020 жыл түрік футболын осындай керемет жаңалықпен сүйіншілегендей. Ал бүгінгі мақаламызда болашағынан үлкен үміт күттіретін, қазіргі кезде "Барселона", "Манчестер Сити", "Бавария" футбол клубтарының назарын аудартқан ойыншының жүріп өткен жолына кеңірек тоқталып өтейік.

2Q==


Ауыл шаруашылығынан АПЛ-ге дейін

Сёюнджю футбол әліппесін Түркия чемпионатының бірінші дивизионында өнер көрсететін "Алтын Орда" клубында үйренді. Мынадай қызыққа назар салыңыз, Түркия мемлекеті бойынша ауқымы да, бюждеті де ең қысқа клубтардың бірі болып табылатын "Алтын Орда" түркі әлеміне қазіргі уақытта ең дарынды футболшылардың бірі болып саналатын Дженгиз Ундер мен Чаглар Сёюнджю есімді қос талатты тәрбиелеп шығарды. Чаглардың агенті Омер Озунның айтуы бойынша, "Алтын Орда" футбол клубы жас дарындарды өсіріп шығарудың өте қызықты әдістерімен ерекшеленеді.

- Бұл қарапайым екі футбол клубының бірі емес. Тәлім алушылар ұйқыдан оянған сәтінде-ақ фермаға, ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын жұмысшыларға қолғабыс көрсетуге аттанады. Осылайша клуб жас балаларды ересек өмірге даярлайды. Академияның әр оқушысы аталған жұмысты орындауға, тәртіпке бағынуға міндетті. Олар кәсіби футболшы болмаған күннің өзінде оң-солын таныған, қиындықтарға төтеп бере алатын азамат болып шығады, - дейді Омер есімді азамат.

Z


Футболдағы мансабын Сёюнджю басқа позицияда бастады

Көптеген футбол жұлдыздары секілді Чаглар бала күнінде орталық шабуылшы ретінде академия табалдырығын аттады. Бірақ алғашқы жаттығу жиындарынан кейін балалар командасының бапкерлер құрамы ойыншының дене тұлғасының алыптығына байланысты оны орталық қорғаушы ретінде сынап көруге бекінді. Осылайша "Алтын Орда" футбол клубының тарихындағы ең сәтті эксперимент жүзеге асты. Чаглар әр матч сайын өзін орталық қорғаушы ретінде өте жоғары деңгейде дамыта білді. Шабуылшылық қабілет ешқайда қашпады, ол өз ойыны арқылы команда шабуылына керемет қолдау көрсете білді. Алғашқы пасты сәтті беру, өз айып алаңындағы қарсылас шабуылшысын алдап өту немесе қарсы айып алаңға дриблинг арқылы ену оның әр матч сайынғы дағдыланған әрекеті десек еш қателеспейміз. Айқын статистика - Чаглардың АПЛ-дегі пас беру дәлдігі 90,1%-ды құрайды. Сол себепті бұл қорғаушыны Рональд Куман, Пеп Гвардиола секілді топ-бапкерлер өздерінің тізіміне әлдеқашан енгізіп қойған.

9k=


Қызу қанды қорғаушы

Алаңдағы жауынгерлік рух оны әрқашан ерекшелендіріп тұрды. Кей кездері футболшының алаңдағы тәртібі ережеге бағынбай кеткен сәттер де аз емес. Соның бірі - Түрік әуесқой лигасының кезекті турында Сёюнджю қызыл қағаз алып, алаңнан қуылады. Бапкерлік құрам жағдайға көз жұма қарамайтыны әу бастан белгілі, қорғаушыға қатаң жаза қолданылды. Тәрбиелік жаза ретінде бас бапкер Чагларды жасыл алаңға 90 минутқа жалғыз қалдырып кетеді. Ішкі түйсігімен бар қателігін сезінген Сёюнджю алаңда сабыр сақтауға тырысты. Бірақ кәсіби мансабының алғашқы маусымында-ақ 11 сары қағазбен марапатталды.

9k=


Ұлттық құрамадағы таң қаларлық дебют

2016 жылдың наурыз айында Сёюнджю алғаш рет ұлттық құрама жейдесінде алаңға шықты. Ойынға 89-минутта кірсе де бұл жағдай бүкіл Түркия футбол сүйер қауымына желдей жылдамдықпен жаңалық ретінде тарады. Чаглар Түрік чемпионатының екінші дивизионында жүрсе де, ұлттық құрама жейдесін киген алғашқы ойыншы ретінде тарихқа енді. 

9k=


"Лестер" қорғанысының жаңа қаһарманы

2018 жылы "Лестер" футбол клубы команда капитаны Уэс Морганның жасының ұлғайғаны және Харри Магуайрдың өзге клубқа ауысуы секілді факторларды ескере отырып, неміс бундеслигасындағы "Фрайбург" клубының қорғаушысы Чаглар Сёюнджюді 20 миллион евроға сатып алды. Трансфер орын алған сәттен бастап, "Лестер" үлкен сынның астында қалды. Өмірінде жоғары деңгейде нәтиже көрсетпеген жас ойыншы үшін бұл айтарлықтай үлкен сома еді. Бірақ "Лестер" басшылығы көрегенділік танытты. Алғашқы маусымда қорғаушы ойындардың көп бөлігін "Лестердің" 23 жасқа дейінгі құрамында өткізсе, 2019-2020 жылғы маусымда ол команданың нағыз көшбасшысына айнала білді. Былтырғы маусым аяғындағы команданың нәтижесінің төмендеп кетуін де мамандар көбінесе аталған футболшының жасыл алаңға шықпауымен байланыстырады. Сёюнджю Харри Магуайр, Уэс Морган секілді ойыншыларды жай ғана алмастырып қойған жоқ, олардың орнын бір сәтке де жоқтатпай, нағыз кәсіби деңгейін дәлелдей білді.

9k=


Өзінің мықтылығын Чаглар тек жасыл алаңда ғана емес, туған өлкесінде де танытып келеді. Ол "Алтын Орда" футбол клубының ең атақты амбассадорларының бірі, оның көмегімен жыл сайын клуб академиясында европалық скауттардың қатысуымен балалар турнирі өткізіліп тұрады. Чаглар "Алтын Орда" академиясында болашақ футбол жұлдыздарының еңбектеніп жүргеніне кәміл сенімді. Кім біледі, біздің де шалғай ауылдарымызда болашақ Чагларлар мен Вардилер өсіп келе жатқан шығар...

Қуандық Көргенов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×