Чарли Остин қазіргі таңда Ағылшын Премьер-Лигасында үздік сұрмергендер қатарында 3-орында тұр. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын өз күнін өзі көру мақсатында әкесінің фирмасында құрылысшы болып, кірпіш қалаған бұл кейіпкердің өмірден алынған «ертегісіне» көз салайық.
«Борнмуттан Бейсингстокқа жету үшін мен таңғы алтыдан оянатынмын. Бұл бір қиын кезең болды мен үшін. Қыста да, қарда да, жаңбырда да, тіпті бұршақ жауған күнде де біз еш тоқтаусыз лас жерде жұмыс істейтінбіз. Ал матч болатын күндері әкем маған ертерек кетуге рұқсат бретін. Мен Борнмутқа өзімнің күймелі көк көлігіммен баратынмын, ал матчта киетін киімім артқы күймеде цемент қалдықтарының үстінде жататын» – деген Чарлидің сөзіне сенсеңіздер болады, себебі бұл нағыз өмірден алынған әңгіме
Әкесінің фирмасында кірпіш қалаушы болып жүрген Чарли футболға деген қызығушылығын жоғалтпаған еді.
«Пул Таун» командасында өнер көрстетін (Ағылшын лигаларының иерархиясы бойынша 9-дивизион). Ал осыған дейін өнер көрсеткен
«Рединг» академиясы Чарлиды керексіз деп тауып, профессионалды футболшы ретінде келісімшарт жасамаған болатын. Дәл осы уақыттан бастап Чарли Остиннің басты жұмысы құрылыс алаңы болды, ал футбол алаңын жұмыстан бос уақытта ғана көретін. «Мені асыраған құрылыс жұмыстары, бос уақыттағы әуесқой лигадағы ойындар...» – осының барлығы да Чарли үшін ыстық көрінеді. «Өмірім басынан басталса да, осылай істер едім» -дейді Чарли.
2008 жылдың аяғында Чарлидің арманы орындалуға шақ қалды.
«Борнмут» клубы ойыншыны өз сапына шақырды. Бірақ «Борнмутқа» қандай да бір трансфер жасауына рұқсаты болмағандықтан, Чарли, «Пул Тауынға» қайта орылды. Осыдан бірнеше күн өткен соң,
«Суиндонның» менеджері
Данни Уилсон Чарли Остиннің ойынын көруге келген болатын. Чарли ол күні жұмысы үшін матчқа толық қатыса алмады. «Сол күні неге екенін білмемін әкемнің сөздері есіме түсті». «Барыңды салып ойна, себебі сенің ойыныңды кім келіп көретітін білмейсің, ешқашан мойыма» - деген әке сөзін әр кездесуде ұмытпауға тырысатын. «Ол матчта мен бірінші таймға шығып, екі гол соқтым да, құрылыс алаңына беттедім, себебі менің бітпеген жұмысым бар еді» - дейді Чарли, сол күнді еске алып.
Екі күннен кейін Данни Уилсон Чарлиге қоңырау шалып, «Суиндонмен» келісім шарт жасауға өтінді. «Кеудеме сыймай тұрған қуанышты білдірмей, болған жайды әкеме айттым. Әкемнің қуанышында шек болмады» - дейді Чарли. Ағылшынның 9-дивизионында ойнайтын «Пул Тауннан» 3-дивизионның «Суиндонына»(Ағылшындық Лига 1) бірақ аттаған футболшы, өзін не күтіп тұрғанын білмеген де болар сірә...
«Кеше ғана мен өз футбол киімімді өзім жуып, аяқ киімімді тазалап жүр едім. Қазір менің киім жайлы уайымым жоқ, тіпті менің аяқ киімімді де тазалайтын адам бар мұнда » - деп, Чарли, «Сиундондағы» алғашқы күндерін таңданыспен өткізгенін де жасырмады. «Менің кермет әсер алған сәтім, «Суиндон» сапында алғашқы ойынға шыққан кезім. Себебі мен қосалқы құрамада отырғанымда, бапкер маған дене қыздыру жаттығуларын жасауымды бұйырды. Сонда 25 мың жанкүйер командаға жаңа келген менің есімімді әндетіп айта бастады. «Пул Таунда» 100 адам алдында ғана ойнаған адам үшін, бұл керемет әсер. Тіпті жанкүйрлер менен қолтаңба да сұрап жатты. Бұл мен үшін ерсі көрінді, өйткені мен де дәл солар сияқты қарапайым адам едім. Керек десеңіз осыған дейін жағдайым олардан төмен де болған еді » - деп таңданысын жасыра алмаған Чарли, ағынан жарылды.
«Суиндонда» өткізген бірінші жылында Чарли 36 матчта 20 гол соғып, жоғарғы деңгей ойыншысы екенін дәлелдеді. Екінші жылы жарақаттанған Чари 21 ойын өткізіп 12 гол соғып, өзіне көптеген футбол клубтарын қарата алды. Сол жылы «Суиндонға» шексіз алғысын айтып, Чарли өзін трансферге қоюын өтінді. Оған қызыққан клубтар ішінде Чарли
«Бернлиді» таңдады.
«Бернлиде» болған алғашқы жылы ауыр жарақат алып, 4 ойын ғана өткізді. Екінші жылы Чарли 41 кездсуде 17 гол соғып, өзінің жұмысқа қабілеттілігін тағы байқатты. Үшінші жылы Чарли Остин одан да жоғары нәтиже көрсетіп, 36 матчта 24 гол соғып, елдің назарын тағы өзіне қаратты.
Чарли Премьр-Лигаға көтерілу мақсатын қойған «
КПР» -ді таңдап, «Чемпионшипта» өткізген бұл жылында 34 матчта 19 гол соғып, «КПР»-дің Премьер-Лигаға көтерілуіне өз ықпалын тигізді.
Осы маусымда Чарли ағылшындар ішінде ең өткір шабуылшы атанып тұр. Тіпті
Уэйн Руниге дес бермей тұрған бұл жігіт, Ағылшын Ұлттық құрамасына үміткер екенін де айта кетейік. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылысшы болған адам үшін бұл керемет көрсеткіш. Чарли Премьер-Лигада 20 ойын өткізіп, 13 гол соғып, 4 рет ассистент атанған. Оның алдында тек Диего Коста мен Серхио Аруэро тұр.
«Мен «Пул Таунда» ойнаған кездерімді жиі еске аламын, себебі сол кездерде өте лас жерде, өте ауыр жұмыс істеп, кешке белімді бүгуге шамам келмей қалатын. Сөйте тұра әкемнің сөзі жігер беріп, футбол ойнауға уақыт табатынмын. Жаттығуға ерінсем сол сәттерді есіме аламын, себебі жақсы өмірдің не кенін түсінгенде, қиындыққа қайта оралғың келмейді» - деп, Чарли өзін қалай жігерлендіретінін де айтты.
«Құрылыс маған еңбек етуді үйретті, әкем маған арман жолында берілмеу керек екенін үйретті, футбол маған жақсы өмірдің не екенін үйретті» (с) Чарли Остин
Ерқанат САҒАДИН