Қарағандылық бапкер Владимир Чебурин ұлттық құраманы баптауы мүмкін. 2025 жылы Литвадағы "Жальгиристе" Чебурин ай сайын 13–15 мың еуро (шамамен 9,5 млн теңге) жалақы алып, ел футболындағы ең қымбат бапкер атанды. Бұл көрсеткіш тек бапкерлер арасында емес, футболшылар арасында да рекорд саналады.
Чебурин Литвада төрт жыл бойы керемет нәтиже көрсетті, клубты үш рет чемпион етіп, екі рет Кубок жеңімпазы етті. Мұндай тәжірибе мен табысы оны Қазақстан футболының жаңа кезеңіне лайықты маманға айналдыруда.
Қазір Чебурин Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарында. Ұлттық құрама алдағы матчтарын 10 қазанда Лихтенштейнге қарсы, 13 қазанда Солтүстік Македонияға және 15 қарашада Бельгияға қарсы өткізеді.