Чебурин кезекті жеңісіне қол жеткізді

25.04.2024, 18:44

“Жальгирис” Литва чемпионатының 10-турында “Дайнава” Алитус ұжымын 4:0 есебімен ұтты. 

Чебурин кезекті жеңісіне қол жеткізді

Литва чемпионаты, 10-тур

“Жальгирис” 4:0 “Дайнава”

Голдар: Адама Фофана 28, 58, Ливиу Антал 36, Жоэль Бопесу 75

Отандасымыз Владимир Чебурин баптауындағы “Жальгирис” қатарынан алты ойында жеңілмей келеді. Әр ойында жақсы өнер көрсетіп келе жатқан ұжым ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Чемпиондыққа таласта “Хегельман” клубынан 7 ұпайға алда тұрған Вильнюс қаласының клубы кезекті кездесуін 28 сәуір күні “Судуваға” қарсы өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×