Виктор Колар есімді чех агенті
iDNEZ.cz басылымына берген сұхбатында жақында ғана қостанайлық "Тобыл" сапына келіп қосылған өзінің клиенті
Ондржей Кушнир мен қазақстандық клуб арасындағы келіссөздер жайлы айтып өтті. Бұдан басқа чех агенті жалпы Қазақстан премьер лигасындағы легионерлер жайынан да сыр шерткен.Чех агентінің сөзіне сүйенер болсақ: "Қазақстан - ақша тапқысы келетін, бірақ Еуропадағы жағдайлар қанағаттандыра бермейтін футболшылар үшін жақсы мүмкіндіктер елі. Ол жақта отыздан асқан легионерлерге шектеу бар. Кушнир шетелде ойнағысы келді. Соңғы екі жыл көлемінде оған бірнеше ұсыныстар түсті. Жазда екінші бундеслигаға ауысу мүмкіндігі болды. Бірақ, қазақстандық ұсыныс анағүрлым тиімдірек екен. Тағы бір маңызды жайт, онда алдын-ала тексеруден өтудің қажеті жоқ. Ондржей бірден келісім-шартқа қол қойды. Оның деңгейіндегі аяқдопшылар ол жақта шамамен жылына 200 000 доллар көлемінде жалақы алады."
Айта кетейік, Кушнир осы жылдың басында "Тобыл" құрамына қосылған болатын. қазақстанға келместен бұрын өз елінде "Виктория Жижков", "Спарта" және "Слован" клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында төрт кездесу өткізген.
Бұл осы аралықта "Тобылға" қосылған үшінші чехиялық ойыншы. Бұған дейін қостанайлықтар сапына "Ертістен" Штепан Кучера және Иржи Еслинек қосылған болатын.
Дереккөз:www.vesti.kz