Конференция лигасының 2-раунды аясында Ақтөбе қаласында өткен «Ақтөбе» - «Спарта» матчында сенсация тіркеліп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы орайда назарларыңызға чех жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі пікірлерін ұсынуды жөн көрдік.
«Спартаның тарихындағы ең үлкен масқара»;
«Спарта одан әрі таңғалдыра түседі»;
«Клуб Конференция лигасының жолдамасын әрең жеңіп алды. Енді Қазақстанның бір ауыл командасының алаңында қақпаға доп теуге жарамай қалды ма?»
«Біз тек гол жағынан емес, рух пен ниет жағынан да жеңілдік»;
««Ақтөбе» жеңіске толық лайық болды. Олар не істеу керегін білді. «Спарта» тек пенальтиді күтумен болды»;
«Бұл төреші алаңнан да нашар»;
«Чемпиондар лигасына ұмтылып жүрген клуб Қазақстандағы шұңқыр алаңда жеңіліп отыр…»;
«Ең өкініштісі - Қазақстанда ойнайтын «Ақтөбе» ойыншыларының біздің футболшылардан еш айырмашылығы жоқ…»;
«Бұл «Борат» фильмінен қарағанда да күлкілі болды»;
Ал сіз қандай пікірдесіз?