«Челси» 2021 жылдың үздік командасы деп танылды

30.11.2021, 16:15
«Челси» бұл жылы Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогін жеңіп алды.
«Челси» 2021 жылдың үздік командасы деп танылды

France Football нұсқасы бойынша Лондондық «Челси» 2021 жылдың үздік клубы атанды. Бұл туралы Парижде өткен салтанатты шарада хабарланды.

Биыл неміс маманы Томас Тухельдің жетекшілігімен «Челси» финалда «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, «ақсүйектер» УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

«Бұл керемет жүлде, өйткені ол біздің клубқа табысталды. Бізде өте мықты әйелдер командасы мен академия бар. Сондай-ақ біздің көптеген ойыншылар жүлдеге үміткерлердің қатарынан табылды. Біз бұл сыйлықты алғанымызға қуаныштымыз», - деді Тухель BBC порталына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×