«Челси» 72 миллион еуроға қорғаушы сатып алмақ

16.08.2020, 19:44
«Челсидегі» сол қапталда ойнайтын қорғаушыларға Лэмпардтың көңілі толмаған секілді.
«Челси» 72 миллион еуроға қорғаушы сатып алмақ

«Лестер Сити» қорғаушысы Бенджамин Чилвелл «Челсиге» қосылуға жақын, деп хабарлайды Metro.

Дереккөздің хабарлауынша, «Челси» 23 жасар ойыншыға 72 миллион еуроға беруге келіскен.Чилвелл ертең, 17 тамызда «Челсиде» медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде.

Чилвелл - «Лестер Сити» түлегі, 2019/2020 маусымда «Лестер» үшін барлық жарыстарда 33 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ол Англия құрамасындағы дебютін 2018 жылы Швейцарияға қарсы матчта жасады (1-1) және содан бері 11 ойынға қатысқан. Оның "Лестермен" келісімшарты 2024 жылға дейін жарамды.

«Челси» Англия Премьер-лигасының 2019/2020 маусымын 4-ші орынмен аяқтады. "Лестер Сити" 5 орынды иеленіп, келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×