"Челси" Антонио Контеге 30 млн. еуро төлеуі тиіс

07.01.2020, 20:52
"Челси" Антонио Контеге 30 млн. еуро төлеуі тиіс

"Челси" басшылығы бұрынғы бас бапкер Антонио Конте мен оның көмекшілеріне 30 млн. еуродан астам өтемақы төлейді деп хабарлайды Sky Sports. Айта кетейік, бұл сомманың ішіне сот орындаушыларының шығыны да кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, итальяндық маман "Челсиді" 2016-2018 жылдары жаттықтырған еді. 2018 жылы АПЛ-да команда 5-орын алып, Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаған болатын. Осыдан соң Конте қызметін бір жылға ерте аяқтаған-ды.
Антониодан соң Лондон ұжымын отандасы Маурицио Сарри баптады.

Антонио Конте "Челсимен" бірге2016-2017 жылы АПЛ-да топ жарса, 2018 жылы Англия Кубогін жеңген.

Бас-аяғы клубты Роман Абрамович 2004 жылы сатып алғалы бері "Челси" бапкерлерге 100 млн-нан астам өтемақы төлепті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×