“Челси” “Астанамен” кездесу алдында топ-трансфер жасамақшы

Лондондық “Челси” “Манчестер Юнайтед” вингері Джейдон Санчоны қатарына қосады, деп жазады Sports.kz.

“Челси” “Астанамен” кездесу алдында топ-трансфер жасамақшы

Тод Боулидің командасы бірнеше келіссөздердің нәтижесінде өз дегеніне жетіпті. Ақсүйектер жақын аралықта Рахим Стерлингті Джейдон Санчоға алмастырады. 

Өткен маусымда Джейдон 24 ойын өткізіп, 3 гол мен 3 голдық пас берді. Трансфермаркет 24 жастағы вингерді 30 млн еуроға бағалайды. 

Еске салсақ, “Челси” “Астананың” Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі қарсыласы. Елордалық ұжымнан бөлек, Лондон ұжымы португалиялық “Виктория”, кипрлік “Пафос” пен АПОЭЛ, сербиялық ТСЦ мен уэльстік “Нью-Сейнтс” клубтарымен бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×