«Челси» - Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

Лондондық клуб өз тарихында бұл трофейге екінші рет қол жеткізді.

«Челси» - Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

Чемпиондар Лигасының финалында "Челси" "Манчестер Ситиден" басым түсті. Кездесу Порту қаласындағы (Португалия) "Драгау" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 43-минутта "Челсидің" жартылай қорғаушысы Кай Хаверц соқты. Мейсон Маунт өз жарты алаңынан Хаверцке керемет пас шығарды, ал неміс футболшысы "Манчестер Ситидің" қақпашысы Эдерсонды алдап өтіп, допты бос қақпаға тоғытты.


Айта кетейік, "Челси" өз тарихында екінші рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Ал "Манчестер Сити" аталмыш турнирдің финалында алғаш рет ойнады.

Енді лондондық "Челси" УЕФА Суперкубогі үшін болатын матчта Еуропа Лигасының жеңімпазы атанған "Вильярреалмен" кездеседі. Бұл матч 11 тамыз күні Стамбулда өтуі мүмкін.

0 пікір