«Сhelsea.news» сайтының тілшісі Саймон Филлипс «Челсидың» жейдесін киетін Дастан Сәтпаев туралы ерекше пікір айтты. «Сhelsea.news» сайтының тілшісі Саймон Филлипс «Челсидың» жейдесін киетін Дастан Сәтпаев туралы ерекше пікір айтты.
«Сәтпаев «Челси» үшін кезекті сәтті трансфердің біріндей көрінеді. Спорттық мансабында жоғарылап жатқан топ-ойыншы ретінде танылуда. Соңғы кезде ойынын тамашаладым және ол өз жасына өте ақылды футболшы дей аламын. Соққы бағыттайтын қабілетіне әрі допты тебетін кездегі күшіне тәнті болдым. Өкінішке қарай, заманауи футболда бұл өте сирек кездесетін ерекшелік», - деді ағылшын тілшісі.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 26 кездесуде 14 гол мен 7 ассисттің авторы атанды. Өткен демалыста алматылық клубқа қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионатында топ жаруға үлкен үлес қосты. 17 жасар шабуылшы маңызды матчта таразы басын теңестіріп, «Қайрат» турнирді 1-орынмен аяқтаған. Дастанның трансферлік құны 1,80 млн еуро. Футболшы 18-ге толғанда лондондық клубқа толыққанды ауысуға мүмкіндік алады.