«Челси» Дастан Сәтпаевті жалға бере ме? Үміткерлер қатарында бірнеше топ-клуб бар көрінеді

23.09.2025, 15:38

Ресейлік комментатор Александр Степанов Дастан Сәтпаевтың өнерін бағалап, болашағына қатысты ойын айтты.

«Челси» Дастан Сәтпаевті жалға бере ме? Үміткерлер қатарында бірнеше топ-клуб бар көрінеді
Дастан Сәтпаев

«Дастан Сәтпаевқа шабуылдың соңғы кезеңіндегі қимылын ширату керек. Шешімді жылдам қабылдап, қақпаның бұрышын дәл көздеу жағынан біраз жұмыс істеуі тиіс. Еуропалық командаларға қарсы мұндай тәжірибе өлшеусіз болайын деп тұр. Сенімдімін, ол алдағы уақытта басқа клубтарға жалға беріледі, мүмкін «Страсбург» немесе Тодд Боулидің басқа бір командасына барыа қалар (Челси қожайыны). Ал ең бастысы Қазақстан Еуропалық дәрежедегі ғаламат шабуылшыға ие болуы ықтимал», - деген еді А. Степанов «Sports24.kz» берген сұқбатында.

Дастан Сәтпаев кеше «Жеңіс» қақпасына екі гол соғып, алматылық клубтың көш басына шығуына септігін тигізді. Жалпы ҚПЛ-2025-те 23 матчта 11 гол салып, 7 ассист берген еді. Ал ЧЛ іріктеуіндегі 7 ойын өткізіп, 3 рет мергендік танытып, 1 ассисттің авторы атанған болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×