Лондондық "Челси" "Боруссия Дортмунд" шабуылшысы Эрлинг Холандқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің хабарлауынша, "Челси" неміс клубымен норвегиялық шабуылшының трансфері туралы келіссөздерді бастаған. Холандтың өзі Томас Тухель жаттықтыратын "Челси" сапына ауысуға қарсы емес, дегенмен оның трансфері үщін лондондық клуб 200 миллион еуроға шығындалуы мүмкін. Клуб басшылығы аталған соманы азайту үшін Тухельге керек болмай қалған Тэмми Абрахамды дортмундтық клубқа жібергісі келеді.
Эрлинг "Боруссияға" 2020 жылдың қаңтарында "Ред Булл Зальцбургтен" қосылды. Норвегиялық шабуылшының "аралармен" келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. 2020/2021 жылғы маусымда форвард "Боруссия" сапында 40 матч өткізіп, 40 гол мен 11 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Біздің серіктес: FONBET