«Челси» Эрлинг Холандты сатып алу үшін клубтың трансферлік рекордын жаңартуға дайын

18.01.2021, 23:00
«Челси» пандемияның арқасында жұлдызды ойыншыларды қатарға қосуда.
«Челси» Эрлинг Холандты сатып алу үшін клубтың трансферлік рекордын жаңартуға дайын

Дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холланд мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

The Athletic хабарлағандай, норвегиялық шабуылшы жазғы трансферлік терезеде "Челсидің" басты нысанасына айналады. "Челси" футболшыны сатып алу үшін клубтың трансферлік рекордын жаңартуға дайын.

Холандтың қазіргі келісімшартындағы өтемақы мөлшері 75 миллион еуроны құрайды, бірақ ол 2022 жылдың жазында күшіне енеді. "Челси" алдағы жазда шабуылшыны қатарға қосамыз деп үміттенеді, ал басқа клубтар оның трансферлік құнының төмендеуін күтетін болады.

Холанд "Боруссияға" бір жыл бұрын қосылған елі. Осы маусымда 20 жастағы шабуылшы Бундеслигада 11 матчқа қатысып, 12 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасының 4 ойынында 6 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×