Meta-ratings.kz мәлімдеуінше, «Челсидің» «Астанамен» болатын Конференциялар лигасындағы ойынға байланысты жоспары белгілі болды.
Қолда бар ақпаратқа сенсек, лондондық клуб Алматыға ойын күні яғни 12-желтоқсанда келмекші. Англиялық топ-клуб ойын кестесінің тығыздығына байланысты Қазақстан жерінде матч алды жаттығуын өткізуден бас тартқан.
Айта кетейтік, Конференциялар лигасының бесінші турындағы «Астана» - «Челси» кездесуі 12-желтоқсанға жоспарланған. Матч Алматының «Орталық» алаңында өтеді. Басталатын уақыты – 20:00-де. Лондондық ұжым еурокубоктік сайыстың негізгі кезеңінде 12 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал Григорий Бабаянның командасы төрт ұпаймен 23-сатыға табан тіреген.
Біздің серіктес: FONBET