"Челси" Клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, жалпы 120 миллион доллар табыс табады. Энцо Мареска жаттықтыратын команда жартылай финалда "Флуминенсені" 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, турнирдегі өнері үшін "Челси” қазірдің өзінде 110 миллион доллар тапқан. Егер финалда жеңіске жетсе, ФИФА клубқа қосымша 10 миллион доллар сыйақы береді.
Финалда "Челси" "Реал" немесе "ПСЖ" клубтарының біріне қарсы ойнайды.