Лондондық “Челси” барлық басты клубтық трофейлерді жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанды.
“Көктер” бұған дейін Ағылшын Премьер лигасын, Англия Кубогын және Лига Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ олар Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасында да жеңімпаз атанған болатын. Енді Клубтар арасындағы әлем чемпионаты “Челси” үшін жеңіс тұғырын бағындырған әзірге соңғы турнир болды.
Финалдық матч АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы “Метлайф” стадионында өтті. Ойынды Ирандық төреші Алиреза Фагани басқарды.
Кездесудің 22-минутында “Челсидің” жартылай қорғаушысы Коул Палмер Мало Гюстодан келген пасты голға айналдырып, есеп ашты. 30-минутта ол Леви Колуилдің нәтижелі пасынан кейін дубль жасады. Ал 43-минутта Жоао Педро Коул Палмердің тағы бір асырған добын сәтті пайдаланыа, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:0.