Ертең Алматының «Орталық стадионында» қазақ футбол жанкүйерлері көптен күткен матч өтеді. Конференция лигасы аясында елордалық «Астана» лондондық «Челсимен» шеберлік байқасады. Қазақстандағы ойынға ағылшындық клуб көбіне академия шәкірттерін алып келмек.
Осыған орай, «Челсидің» негізгі құрам қорғаушысы Аксель Дисаси Алматыға аттанбас бұрын ағылшындық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өз ой-пікірін білдіріпті.
«Ұшу ұзақтығы мені алаңдатпайды. Смартфоныма екі-үш фильм жазып алып, кино көріп уақытты өлтіремін. Ал ауа-райына қатысты біз қандай болсын жағдайға дайын болуымыз керек. Иә, ол жақтың қысы аяз, далада күн суық. Сондықтан, барынша жылы киініп, алаңда шайқасуымыз керек! Астанамен ойында біздің академияның біраз ойыншысы негізгі командадағы өз дебютін өткізеді. Жастар ертең қысылмай-қымтырылмай осындай берілген мүмкіндікті пайдаланып, жарқырап ойнайды деген үміттемін. Ешқандай қысым жоқ. Біз оларға алаңда қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесімізді айтып көмек береміз. Түсінем, ең жақсы жағдай емес. Ұзақ ұшу, ауа-райы өз әсерін беруі де мүмкін. Бірақ, мен академия жастарына сенемін, олар өздерін жақсы жағынан көрсетуі тиіс»- дейді Аксель Дисаси.
Біздің серіктес: FONBET