“Челси” мен “Арсенал” Мурилло үшін таласуы мүмкін – трансфер бағасы €80–90 миллион

23.11.2025, 15:35

АПЛ клубтарының назарында жүрген “Ноттингем Форест” қорғаушысы Мурилло жазғы трансфер кезеңінің басты жаңалықтарының біріне айналуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz. 

“Челси” мен “Арсенал” Мурилло үшін таласуы мүмкін – трансфер бағасы €80–90 миллион

Бразилиялық қорғаушыға “Челси”, “Арсенал” және “Барселона” қызығушылық танытып отыр.

Басты себептердің бірі – оның ойын стильі. Дереккөздердің хабарлауынша Энцо Маресканың “Челсиіне” дәл осындай қорғаныста сенімді, доппен жақсы жұмыс істейтін, артқы шептен шабуылды бастай алатын ойыншы қажет. Мурилло осы талаптардың бәріне сәйкес келеді.

“Ноттингем Форест” Муриллоны сатуға мүлде қарсы емес және оның трансферін €80–90 млндеңгейінде бағалап отыр.

Ұсыныстар осы соманың маңайында болса ғана келіссөздерге жол ашылуы мүмкін.

Айта кетейік Муриллоның клубпен қолданыстағы келісімі 2029 жылға дейін.

Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны €55 миллион шамасында. Яғни “Форест” ойыншыны бірнеше есе қымбатқа сатуды көздеп отыр.

Бразилиялық қорғаушы жас болса да, АПЛ қарқынына бейімделіп, негізгі құрамнан тұрақты орын алып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×