«Челси» мен «Барселона» ойыншы алмастыруы мүмкін

06.02.2022, 16:12
«Челсидің» қос футболшысы алдағы жазда еркін агент атанады.
«Челси» мен «Барселона» ойыншы алмастыруы мүмкін

«Челсидің» қорғаушылары Сезар Аспиликуэта мен Андреас Кристенсен мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін. Қос футболшыға «Барселона» клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клуб жазда «Челсимен» келісім-шарты аяқталатын екі ойыншыны тегін алғысы келеді. Оның ішінде, Аспиликуэта «Барселонамен» келісім-шарт мәселесіне қатысты сұрақтарды шешіп қойған екен.

Ал «Барселонаның» қорғаушысы Рональд Араухо «Челсиге» ауысуы мүмкін. Лондондық клуб 22 жастағы уругвайлықты жазда еркін агент атанатын Антонио Рюдигердің орнын басатын ойыншы ретінде көреді. «Челси» басшылығы Араухоның агентімен хабарласып, қорғаушының жалақысын екі есе көтеруге дайын екендіктерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×