«Шахтердың» Мюнхенде тауы шағылды

«ПСЖ» «Челсидан» өткен маусымдағы есесін қайтарды

«ПСЖ» Златансыз да ширек финалға шыға білді. Ал швед ойыншысының алаңның қуылуы – нидерландылық төрешінің қателігінен болды деп айтуға негіз бар. Қақтығыс орын алған сәтте Златан өз аяғын тартып үлгерген болатын. Десе де Бьорн Кейперс ойланбастан шабуылшыны алаңнан қуды. Алдағы уақытта «ПСЖ»клубының басшылығы УЕФА-ға өз шағымын түсіретін болады. Егер төреші қателігі ескеріліп жатса, Златан Ибрагимович ширек финалда командасына көмектесе алады. Тағы бір айта кететіні, «ПСЖ» сұрмергені Чемпиондар лигасындағы төртінші қызыл қағазын алып, Эдгар Давидс рекордын қайталады. Бір қызығы, екі ойыншы да «Интер», «Милан», «Ювентус», «Аякс» және «Барселона» клубтарында өнер көрсеткен.
«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен ойынның басты қаһарманы ретінде өткен маусым соңынан «ақсүйектерден» париждік клубқа ауысқан Давид Луисті тануға болады. Ол 81 минутта Гари Кэйхиллдіңголына жауап қатып, 5 минуттан кейін-ақ таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта өз қақпаларына белгіленген пенальтидің себепкері болған Тьяго Сильва кездесу аяқталар тұста өз қателігін толықтай жуып-шайды. Эден Азар 11 метрлік соққыдан мүлт кетпегенімен, стандартты жағдайда ешкім «ПСЖ» капитанын жауып үлгере алмады. «Челси» қорғаушылары бір емес, екі рет қателесті. Нәтижесінде Жозе Моуриньожаттықтыратын лондондық клуб Чемпиондар лигасымен қош айтысты. Париждік клуб сырт алаңда соққан екі голының арқасында келесі кезеңге өтті. Әйтпесе, қос кездесу қорытындысы бойынша 3:3 нәтижесі тіркелген-ді
Айта кетейік, кеше Чемпиондар лигасының ширек финалына мадридтік «Реал» мен португалдық «Порту»шыққан болатын. Келесі аптада «Атлетико» - «Байер», «Монако» - «Арсенал», «Барселона» - «Манчестер Сити», «Боруссия д» - «Ювентус» ойындары өтеді.
Maasaget.kz