«Челси» - «ПСЖ» кездесуіне болжам

13.07.2025, 16:44

Лондондық команда клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңін екінші орынмен аяқтады.

«Челси» - «ПСЖ» кездесуіне болжам
«ПСЖ» футболшылары голдарын тойлауда

Бірінші турда «Лос-Анджелес-тен» 2:0 есебімен басым түскен соң, сенсациялық түрде бразилиялық «Фламенгодан» есе жіберді 1:3. Соңғы турда «Эсперанс» командасын қапы қалдырғанымен «ақсүйектер» квартетінде тек екінші орынға қанағат тұтқан болатын. Ал 1/8 финалдық кезеңде «Бенфикамен» жолықты. Португалиялық команданы тек экстра-таймда жеңген лондондықтар финалға дейін қос бразилиялық команда - «Палмейрас» 2:1 және «Флуминенседен» басым болды 2:0.Енді оларды финалда биылғы ЧЛ жеңімпазы күтіп тұр. 

Париждік клуб турнирдегі ең қиын топтың біріне түсті. Алғашқы турда «Атлетиконы» 4:0-мен талқандаса, «Ботафогоға» шамасы жеткен жоқ 0:1. Дегенмен соңғы турда «Сиэтлден» 2:0 басым түсуі, Луис Энрике командасына бірінші орын сыйлады. Ал плей-оффта «ПСЖ-ға» Лионель Мессидің «Интер Майамиі» қарсылас атанды. Бұл матч париждіктердің толықтай үстемдігімен өтті 4:0. Одан кейін «Бавария» 2:0 және жартылай финалда мадридтік «Реал» кез-келді. Мұнда да матч түпкілікті «ПСЖ» басымдығымен өткен болатын 4:0. Соңғы екі кездесуде париждіктердің «Челсиден» басым түскенін айта кетуіміз керек. Енді бүгінгі финалдық матч қалай аяқталады екен? 

Бұл матчта жалпы тотал 3-тен кем болады деп есептейміз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаны таңдағандар үшін 1.72 коэффициентін береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×