"Челси" қысқы трансферде қанша ақша жұмсайды?

03.01.2020, 23:20
"Челси" қысқы трансферде қанша ақша жұмсайды?

"Челси" басшылығы қысқы трансфер кезінде біраз ауыс-түйіс жасауды көздеп отыр.

Express Sport ақпаратына сенсек, "Челсидің" бас бапкері Франк Лэмпард алдағы трансферде команданы жаңа ойыншылармен толықтыру үшін клуб басшылығынан 150 миллион фунт сұрап отыр.

Лондон ұжымының мақсаты "Кристал Пэластың" көшбасшысы Вильфрид Заа. Ал "Кристал Пэлас" өз кезегінде Зааны 90 миллион фунтқа бағалауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×