«Челси» «Реннің» қақпашысын сатып алмақшы

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.09.2020, 19:08
28 жасар қақпашының бойы 197 сантиметрді құрайды екен.
«Челси» «Реннің» қақпашысын сатып алмақшы

Лондондық "Челси" қатарын кезекті жаңа ойыншымен толықтырмақ.

Журналист Кевин Палмер өзінің твиттер парақшасында Лондондық ұжым "Ренның" қақпашысы Эдуард Мендиді сатып алуға ниетті екенін хабарлады. Келіссөздер аяқталуға жақын секілді. Бірақ сенегалдық ойыншы клубтың жаңа қақпашысы болуға жалғыз үміткер емес.

Тамыз айының соңында "Челси" Эдуард Менди үшін 20 млн еуро ұсыныпты. Бірақ француз клубы өз жауабын бермеген екен.

Менди "Реннің" қатарында 2019 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. 28 жастағы қақпашы Франция чемпионатың өткен маусымында 24 ойын өткізіп, 19 гол жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×