Ресейлік журналист әрі "Челси" жанкүйері Кирилл Бельский YouTube-тағы Nobel арнасында Дастан Сәтпаевтың Лондондық клубтағы болашағы туралы пікір білдірді.
“Алдымен Сәтпаевты жалға ойнатады деп ойлаймын, себебі бірден "Челсиде” орнығу оңай емес. Қазірдің өзінде екі шабуылшы бар. Бірақ екеуінің де ойыны әлі толық қалыптаспаған, даулы тұстары көп. Дастан оларға бәсекелес бола алар еді. Дегенмен алғашқы жылы Франция чемпионаты арқылы шынығу жаман нұсқа емес. Әсіресе "Страсбур” футболшыларды өздеріне бейімдеп, кейін "Челси” үшін өсіре алатынын жақсы көрсетіп жүр." — деді Бельский.
Сәтпаев кәмелеттік жасқа толған кезде "Челсимен" толыққанды келісімшартқа қол қояды. Оның трансферлік құны төрт миллион фунт стерлингке бағалануда.