«Челси» сенегалдық қорғаушымен толығады

13.07.2022, 01:23
Лондондық клуб қорғаныс шебін түгелдей жаңартуда.
«Челси» сенегалдық қорғаушымен толығады

«Наполи» қорғаушысы Калиду Кулибали мансабын лондондық «Челсиде» жалғастырады, деп хабарлайды инсайдер Дэвид Орнштейн.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, «Челси» Кулибали үшін «Наполидің» сұраған ақшасын беруге дайын. 31 жастағы сенегалдық қорғаушының италиялық клубпен келісім-шарты келесі жазда аяқталады. Сондықтан футболшының трансфер құны 40 миллион еуроға бағалануда.

Лондондық клуб Маттейс де Лигт үшін көп қаржы жұмсағысы келмейді, оның үстіне голландиялық қорғаушы «Баварияға» ауысуды жоспардап отыр. Сол себепті «Челси» бар назарын Кулибалиге аударды. Сонымен қатар жақын күндері Томас Тухельдің командасына «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Натан Аке қосылатын болады.

Өткен маусымда Калиду «Наполи» жейдесінде 37 ойынға қатысып, үш гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×