
Түркиялық спорт шолушысы және комментаторы Ксандер Ксеркс 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың Лондонның "Челси" клубына ауысымын жоғары бағалап, скауттарды Орталық Азия аймағында белсендірек жұмыс істеуге шақырды.
Спорт журналисі Х (Твиттер) әлеуметтік желісіндегі парақшасында “Қайраттың” жас ойыншысы Сатпаевтың талантын "Челси” клубының дер кезінде байқағанын атап өтті.
"Челси“ 16 жастағы Дастан Сатпаевты байқап, 4 миллион еуроға келісімшарт жасасты. Бірақ неге екені белгісіз, Түркияда скауттар өз көз алдындағы талантты көрмейді. Осы жағдайдан кейін, бәлкім, олар географияны дұрысырақ оқып үйренер." – деп жазды Ксеркс.
Халықаралық ФИФА ережелеріне сай, Дастан Сатпаев "Челси" сапына тек 2027 жылы, 18 жасқа толған соң ғана ресми түрде қосыла алады.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET