«Челси» Усман Дембелеге көз тікті

30.05.2022, 21:47
Француз футболшысы жазда еркін агент атанады.
«Челси» Усман Дембелеге көз тікті

«Челси» «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембелеге қызығушылық танытуда. Англиялық клуб 25 жастағы футболшыны жазғы трансферлік терезедегі басты нысанасына айналдырды. Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады.

Бұған дейін Дембеленің 2022 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісім-шартын ұзарту туралы «Барселонаның» ұсынысынан бас тартқаны хабарланған болатын. Француз футболшысына ПСЖ мен «Ливерпуль» де қызығушылық танытып отыр.

Дембеле 2017 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетуде. Осы маусымда шабуылшы 32 ойында 2 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×