«Челси» Вернерді сатып алғанын растады

18.06.2020, 20:17
«Лейпциг» шабуылшысы енді Лондон қаласының клубында ойнайды.
«Челси» Вернерді сатып алғанын растады

Осы маусымды Германияда аяқтағаннан кейін Тимо Вернер шілде айының ортасына таман Лондонға келеді. Медециналық тексерістен өткен соң клуб мүшесіне айналады. Трансфер құны 53 миллион еуроны құрады. 24 жастағы форвард 5 жыл бойы "ақсүйектер" намысын қорғайды. Вернер биыл 32 матч ойнап, 26 гол салды. Оның үшеуі пенальтиден және 8 нәтижелі пас шығарыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×