Осы апта Фрэнк Лэмпардтың бапкерлік мансабындағы ең маңызды апта болмақ. Команданың «Ливерпульге» және «Вулверхэмптонға» қарсы ойыны келесі маусымға арналған бюджетті анықтайды. Чемпиондар лигасына қатысқаны үшін 15 миллион еуро, топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін 2,7 миллионнан бастап және плей-офф кезеңіне шыққаны үшін - 9,5 миллион евро беріледі. Яғни, турнирге кіріп, топтық кезеңнен ұшып кеткеннің өзінде бюджетке кем дегенде 30-35 миллион еуро көлемінде сыйақы береді - матч күніндегі табысты есептемегенде. Бірақ "Челси" Чемпиондар лигасының тұрақты мүшесі ретінде, сонымен қатар клубтық рейтинг жоғары болғаны үшін қосымша төлемдер алады.
Ағымдағы маусымда лондондықтар Чемпиондар Лигасының топтық кезңінен 60 миллионға жуық ақша тапты, 11 миллион топта үш жеңіс пен екі тең ойын үшін, 15 миллион - турнирге қатысқаны үшін, тағы 9.5 миллион - плей-офф кезеңіне шыққаны үшін және клубтың жоғары рейтингісі үшін қосымша 20 миллион еуро пайда әкелді. Ал өткен маусымда "Челси" Еуропа Лигасын жеңіп алса да, бар болғаны 40 миллион еуро пайда көрген болатын.
«Челси» келесі маусымдағы Чемпиондар лигасына жолдама алған жоқ, бірақ олар қазірдің өзінде сол турнирде ойнайтындай қаржы жұмсап жатыр. Клуб «Ливерпульден» Тимо Вернерді жұлып әкетті (дәлірек айтсақ, «Ливерпуль» ойыншыны алмайтын болды) және қыста Хаким Зиешті «Аякс» сапынан сатып алған болатын. Екі трансфердің бағасы бонустарды есептемегенде 93 миллион еуроны құрайды. Клуб көп ақша құрта алады: 2019 жылдың жазында ойыншы сатып алуға шектеу қойылды, бірақ сол кезде өз ойыншыларын сату арқылы қомақты қаржы тауып үлгерді.
Вернер мен Зиеш не үшін керек?
Виллиан мен Педро маусымның соңында "Челсиден" кетеді. Бразилиялықта тұрақсыз маусым болды, бірақ екінші айналымда оны команданың ең мықты ойыншысы деп атауға болады. Ол маусым қайта бастағаннан кейін алты ойында жеті голға өз үлесін қосты және бізге жарақат алып жатқан Хадсон-Одоиды ұмыттырып жіберді. Негізінде, Зиеш те солай істеуі керек.
Зиеш жай ғана вингер емес, қапталдағы плеймейкер. Ол бүкіл команданы ойнататаын ойыншы бола алады (бұл қасиет қапталдағы шабуылшылар үшін сирек кездеседі). «Аякс» командасында ол әр ойында шамамен 53 пастан беретін. Әрине, бұл ішінара стильге байланысты, бірақ "Челсидегі" Лэмпард осыған ұқсас стиль қояды: доминант, жоғары қысым және допты үнемі бақылау. Виллиан шабуылдарды жылдамдататын ойынға қатысады: әр матчта шамамен 39 пас береді.
Зиештің тағы бір маңызды қасиеті - ол тек Голландия чемпионатында ғана емес, Чемпиондар лигасында да кермет өнерімен көзге түсті. Ағымдағы маусымда әр 90 минут сайын гол соғып немесе голдық пас беріп тұрды. Премьер-лигаға ойнауға қатысты жалғыз алаңдаушылық - атлетизмнің болмауы. Англияда жоғары жылдамдықпен ойнайды, бірақ жекпе-жектерде рұқсат етілетін деңгей Чемпиондар лигасына қарағанда жоғары. Бұл бейімделуге уақытты қажет етеді, бірақ шешілмейтін кедергі жоқ. Месут Озил, Дэвид Силва және басқа ойыншылар мұны дәлелдеп үлгерген. Мәселе бұлшықет массасының дұрыс мөлшерін алу арқылы шешіледі. Зиеш «Челсиге» өсу немесе тәжірибе жинау үшін емес, тек қана нәтиже көрсететін тәжірибелі ойыншы ретінде (ол 27 жаста) ауысып жатыр. Айтпақшы, ол тек қапталда ғана ойнап қоймайды. Зиеш өте ақылды және техникасы мығым ойыншы, ол негізінен 4-2-3-1 схемасындағы ондықтың рөлінде де ойнай алады. Ол кейде "Аякста" дәл осы позицияда өнер көрсеткен еді, тіпті Лэмпард та кейде осы схеманы пайдаланады.
Вернердің Лондондық клубқа ауысуы жаттықтырушыға одан да көп мүмкіндіктер береді. Вернер - әмбебап ойыншы, ол жалғыз шабуылшы ретінде де, тіпті ондықтың рөлінде де, шабуылдың сол жақ қапталында да ойнай алатын өте жақсы ойыншы. Ол Жирудан ғана емес, сонымен қатар Абрахамға қарағанда да белсенді ойнайды, ол өз айып алаңына жиі келіп, доппен жүруге көбірек тырысады, қорғаушылардың артынан өте жылдам сытылып шыға алады, орталықта да, қапталда да жақсы жұмыс істейді, өте керемет соққыларға ие. Яғни, Тимо бірнеше позициялар үшін пайдалы ойыншы болуы мүмкін. Бірақ ол Абрахамның орнына шабуылшы ретінде ойнаса, көп пайда әкеледі деп ойлауға негіз бар.
Мына суреттер Вернер мен Абрахамның осы маусымда жүзеге асыра алмаған мүмкіндіктерін көрсетеді. Нүкте неғұрлым үлкен болса, онда форвардтың 100%-дық мүмкіндікті пайдалана алмағаны дегенді білдіреді. Абрахам мұндай керемет мүмкіндіктерді өте көп жіберіп алған. Тіпті, Абрахамның қақпаның жанында тұрып гол сала алмағанын да байқауға болады. Сандар осыны растайды.
Күтілетін голдар тұрғысынан бұл маусымда Тэмми 17 сәтті соққыны иемденді, бірақ іс жүзінде ол 14-ақ гол соқты. Ал Вернердің осы маусымдағы гол соғу икемділігі Варди, Марсьяль және Обамеянг секілді мықты шабуылшылардан асып түсті.
"Челсиге" тағы қандай ойыншылар керек?
Бірнеше айдан бері лондондықтардың Кай Хаверц пен Бен Чилвеллге деген қызығушылығы туралы қауесеттер пайда болды. Хаверц - "Байердің" жаңа жұлдызы, Вернер секілді әмбебап және ең ақылды ойыншы, ол шабуыл шебіндегі кез-келген позияцияда ойнай алады. Ал "Лестердің" қапталдағы қорғаушысы маусымның басынан бері "Челсидің" назарын аударуда, бірақ маусымның екінші жартысында керемет ойын көрсете алған жоқ. Бірақ әлі де болса Чилвелл "Аристократтардың" осы маусымдағы басты трансферлік мақсаты болып отыр. Лэмпард маусым бойы қорғаныстың сол қапталында ойнайтын ойыншыларға көңілі толмады (тіпті Эмерсон да, Алонсо да оған ұнайтын футбол көрсете алған жоқ), сондықтар Лондондық клубтың Чилвеллге қызығушылығы қисынды болып көрінеді. Бірақ "Челсидің" басқа позицияларында да кемшіліктер бар.
Маусымның басынан бері «Челсиде» нашар қорғаушылар болды. 34 турда команда бұрыштамадан өз қақпасына 57 соққы жасатып алған. Сонымен бірге, бұл соққылардың жетеуі голға айналған. Кристенсен өз позициясында нашар ойнайды, ал Рюдигердің серіктесіне үнемі көмектесуге мүмкіндігі жоқ. Қазіргі қорғаушылар жұбы үздік төрттіктегі орынға күресу үшін жеткілікті, бірақ алдағы "Ливерпуль" мен "Вулверхэмптонға" қарсы матчта Лэмпард шәкірттеріне қиын болайын деп тұр.
Тағы бір мәселе - қақпашы мәселесі. Кепа аяғымен жақсы ойнайды, бірақ бұл қасиеті оның барлық кемшіліктерін толығымен өтей алмайды. Ол АПЛ-дің бірінші айналымынан кейін жасалған сейв бойынша ең соңғы орында қалды. Сондықтан Лэмпард тіпті қыста оны қосалқы құрамда қалдырып жүрді. Мәселе мынада, Кепа қақпадан шығар сәтте нашар ойнайды және қорғаушыларға аз кеңес береді.
Қазіргі кезде "Челсиге" Алонсо мен Эмерсонды ауыстырудан гөрі қақпашы мен орталық қорғаушы алу маңызды болып отыр. Қорғаныс қапталына келетін болсақ, дәл сол Алонсо өзі қатысқан бірнеше матчтарда шабуылда тиімді әрекеттерімен көзге түскен болатын. Ол 15 ойында алты гол соқты.
«Челси» қазірдің өзінде керемет күшейді, бірақ жаңа деңгейге жету үшін одан да көп нәрсе қажет. Сонымен бірге, трансферлік нарықта түбегейлі қадамдар жасау өте қауіпті. Клуб қазірдің өзінде 100 миллионға жуық қаржы жұмсады, және Чемпиондар лигасына ену фактісі әлі күнге дейін күмән тудырады. Келесі маусымдағы бюджет бұған ғана емес, сонымен қатар «Челсидің» үздік ойыншылар үшін тартымдылығына да байланысты. Лэмпард осы аптада екі матч өткізеді. Егер осы ойындарда "Челси" қорғанысы сыр беретін болса, үздік төрттікке ену жоспарын жаңа маусымға ауыстыру қаупі бар. Бірақ егер мұның бәрі Чемпиондар лигасындағы орнын сақтауға кедергі болмаса, клуб оларды алдағы уақытта жоғары деңгейде шеше алады.
Біздің серіктес: FONBET