«Челсидің» экс-футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

29.11.2020, 16:16
Футболшыға Жапониядан ұсыныстар түскен екен.
«Челсидің» экс-футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

Бразилиялық жартылай қорғаушы Рамирес қазіргі клубы "Палмейраспен" келісімшартты бұзуға келісті.

Рамирестің өзі Instagram парақшасында айтқандай, бұл шешім жеке себептерге байланысты қабылданды, оның егжей-тегжейін айтқысы келмеді.

Goal.com сайтының хабарлауынша, "Челсидің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Жапониядан ұсыныстар алғанына қарамастан, мансабын аяқтауды ойластыруда. Рамирес Еуропаға 2009 жылдың жазында бразилиялық "Крузейродан" ауысып келді.

Өз мансабында 33 жастағы бразилиялық Лиссабондық "Бенфика", Лондондық "Челси" және "Цзянсу Сунин" клубтарында ойнады. 2012 жылы "ақсүйектер" құрамында ол Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×